Қазақстанда шаң жарылыстарынан қорғау
kk

FLEX R жалын сөндіргіші

Өндіруші: RSBP

Жарылыстан қорғау стандарттары жабық үй-жайларда жарылысты босату жүйелерін (жарылыс босатқыштарды) орнату кезінде жалын бөлетін құрылғыларды қолдануды білдіреді. Мұнның мағынасы – ол оттың жабық кеңістікке кетуге және өрттің пайда болуына жол бермеу.

Жалын сөндіргіштер адамдар үшін қауіпті жалынның шығуына жол бермейді. Сонымен қатар, олар жарылыс кезінде жабдығың бұзылуының негізгі себебі болып табылатын артық жарылғыш қысымның шығуға кедергі жасамайды. Қысым қауіпсіз мәндерге дейін төмендейді және құрылымдарға зақым келтірмейді.

  • Сипаттамасы
  • Техникалық сипаттамалары
  • Құжаттама
  • Орнату және техникалық қызмет көрсету
Сипаттамасы

FLEX R жалын сөндіргіші – жабық кеңістіктегі жарылыс энергиясын босатуға арналған пассивті жарылыстан қорғау құрылғысы. Жарылыс босататын панелі соққы толқынының артық қысымын төмендетіп, оның әсерінен құрылымдардың бұзылуына жол бермейді. Торлы шашырау беті жарылыс өнімдерінің температурасын төмендетеді және ашық жалынды сыртқа шығармайды.

Тегіс пішінінің арқасында FLEX R шағын немесе күрделі құралған жабдықтары үшін жарамды. Жалын сөндіргішті көлденең және тік күйде, сондай-ақ бұрышта орнатуға болады

Жұмыс қағидаты

Жарылыс болған кезде жабдықтың ішінде қысымы күшейеді. Сигнал беруші VMP жарылыс босататын мембранасын ашуға бұйрық береді. Жанып тұрған шаң, от-жалын, газдар FLEX құрылғына кетеді.

Жарылыс қысымының жәй түрде төмендеген кезде температура 1500°C-ға жетуі мүмкін. Алюминий мен магний сияқты металл ұнтақтарын жарылып кезде, температура шамамен 3000 °C бола алады.

Жарылыс кезінде босатылатын өнімдер шашырау бетіндегі тор жүйесі арқылы өтіп, онда олар салқындатылып, қауіпсіз мәндерге дейін баяулайды.

Артықшылықтары

  1. Бұл құрылғы жабық кеңістікте жарылыстан қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықта апат болған кезде адамдар мен техникалық құрылымдар үшін қауіпсіз қоршаған ортадағы температура мен қысымның шамалы ғана көтеріледі
  2. Иілген бетінің арқасында ол шағын немесе күрделі құрылымдық жабдыққа жарамды.
  3. Пайдаланған кезде үнемді. Жалын сөндіргіштер бірнеше рет қолдануға арналған. Егер қорғаныс қақпағы пайдаланылса, жарылыстан кейін оны ауыстыруға болады.
  4. Шаң мен механикалық зақымға, сондай-ақ технологиялық жүрістегі қысымның ауытқуларына төзмі бар.
  5. Жұмыс істейтін жабдықтары мен автоматты басқару жүйесіне біріктіріледі.
Техникалық сипаттамалары

Бүкіл жалын сөндіргшітер зауыттан VMP жарылыс босататын панельдердмен бірге, олардың кестесінде көрсетілген өлшеміне сәйкес жеткізіледі.

Түрі A (мм) B (мм) C (мм) D (мм) Салмағы (кг) VMP өлшемі
FLEX R1 PRO 390 710 635 410 40 630 x 310
FLEX R2 PRO 540 890 900 580 74 450 x 800
FLEX R3 PRO 666 1000 1130 735 109 586 x 920
FLEX R4 PRO 996 1198 1660 1070 215 915 x 1118

FLEX жалын сөндіргіштеріне қосымша керек-жарақтар:

  1. Ұшқынға төзімді реле. . Бұл құрылғы жарылыс босататын мембрананың ашылуын / жабылуын басқару арқылы қауіпті және қауіпсіз аймақ арасындағы шекараны жасайды.Тапсырыс берушінің қалауы бойынша жеткізіледі.
  2. Ернемек тығыздағышы.. Қорғалатын жабдықтың ернемегі мен жарылыс босататын мембранасы арасында қолданылады. RSBP spol. s.r.o. өндірушісінен мына зат әрқашан жеткізіледі. Егер тапсырыс беруші өз ернемекті қолданса, жеткізуші тығыздағыштың материалы мен құрылысын дұрыс таңдамағаны үшін жауап бермейді.
  3. Қорғаныс қақпағы. . Ол ластайтың бөлшектердің тортдың шашырау бетке түсуіне жол бермейді. Өте шаңды бөлмелерде немесе су, қар түсуі мұмкін кезде сыртқы құрылғыларда орнатылан жарылыс сөндіргіштеріне қорғаныс қақпағы қолданылады.
Құжаттама

FLEX PRO user manual
En
  • En
  • Ru
FLEX HANGING ON TECHNOLOGY datasheet
En
  • En
FLEX R datasheet
En
  • En
Орнату

FLEX жалын сөндіргіші қорғалатын жабдық орналасқан ғимараттың ішіне жарылыс босататын мембраналарды орнату кезінде қолданылады. Құрылғының кез келген зақымдануы оның жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін, сондықтан маңызды:

  1. Құрылғының қоймалық сақталуын қамтамасыз ету үшін берілген нұсқаулыққа сәйкес іс-шараларды орындаңыз.
  2. Барлық элементтердің тұтастығын тексеріп, орнату үшін тәртіпті таңдаңыз.
  3. Берілген нұсқаулықтың талаптарын зерттеу, оларды қамтамасыз ету үшін керек ережелер мен технологияларды қолданыңыз.

FLEX құрылғысының жалын сүзгісінің торына су, қар, мұз және басқа бөлшектер кірмеген жағдайда ғана үйден тыс орнатуға рұқсат етіледі . Бұл жағдайда қорғаныс қақпағы қолданылады.

Өндіруші орнатылған FLEX құрылғылары мен жақын тұрған жабдық немесе қабырғалар арасындағы қашықтықты мақұлдауы керек. Бұл қашықтық FLEX-тің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. FLEX пен жақын тұрған машина жабдығы немесе ғимарат қабырғасы арасындағы ең аз қашықтық 0,5 м болуы керек.

FLEX орнатуға дайын түрінде келеді. Жарылыс босататын панель FLEX-ке герметик және болттармен бекітіледі, оларды орнатпас бұрын алып тастау керек болады.

Орнату жүрісі өндірушінің нұсқауларына сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:

  • тасымалдау болттарын алып тастау;
  • сәйкес ернемекті тығыздағышты орнату – RSBP spol. s.r.o жалын сөндіргіш өндірушісінің компоненттеріне артықшылық беріледі;
  • құрылғыны бекіту немесе ілу мүмкіндігі;
  • нұсқаулықтағы схема бойынша ернемекті болттарды қатайту;
  • құрылғыны жерге қосу;

Орнату кезінде зауыттың талаптарын елемеу FLEX жалын сөндіргіштің дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету

Пайдаланушы ұйым медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ білікті қызметкерлер қатарынан FLEX жалын сөндіргіштерін қауіпсіз пайдалануға жауапты адамды тағайындайды. Осы ғана қызметкер нұсқаулыққа сәйкес құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуге құқылы болады.

Техникалық тексеру механикалық зақымдану мен ластануды тексеруден тұрады. Олар жалын сөндіргіштердің жұмысын төмендетеді және жарылыс кезінде олардың жұмыс істемеуіне әкеледі.

Жалын сөндіргішті қауіпсіз пайдалануға жауапты қызметкер жылына кемінде бір рет оқудан өтуі тиіс.

Пайдаланушы ұйым құрылғыны пайдалану ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық қызмет көрсету аралығын өз бетінше анықтайды. Ластану мен зақымдану ықтималдығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жиі техникалық қызмет көрсету қажет. Өндіруші ұсынған аралықтар:

  • Бірінші техникалық қызмет көрсету – пайдалануға берілгеннен кейін 2 апта;
  • Екінші ТҚК – 6 апта;
  • Үшінші ТҚК – 8 апта;
  • Әрі қарай-жылына кемінде бір рет, бірақ айына 1 рет тексеруге кеңес беріледі.

Техникалық қызмет көрсету кезеңділігі өндіруші зауыттың нұсқаулығы негізінде әзірленетін пайдаланушы ұйымның нұсқаулығында белгіленеді. ТҚК бойынша барлық әрекеттер арнайы журналға жазылады. Ол жеткізілім жиынтығына кіреді.

FLEX жалын сөндіргіштеріне сервистік қызмет көрсетуді тек өндірушінің өзі немесе оның ресми өкілі ғана орындауға құқылы. Ұсынылатын аралықтар:

  1. Функционалдылықты алғашқы тексеру – пайдалануға берілгеннен кейін 3 апта
  2. Функционалдылықтың екінші сынағы-6 апта.
  3. Сервис-пайдалануға берілгеннен кейін 6 ай.
  4. Сервис – 1 жыл.

Апатсыз жұмыс кезінде әрбір кейінгі сервистік қызмет жылына бір рет жүргізіледі.

Құжаттама

Жеткізу жиынтығына мыналар кіреді

  • Нұсқаулық;
  • Дабылды орнату сызбасы;
  • Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу журналы.

ATEX.CENTER -мен жұмыс істеудің артықшылықтары

Клиентте компоненттерді жеткізу және қызмет көрсету проблемалары болмайды.
Клиентте компоненттерді жеткізу және қызмет көрсету проблемалары болмайды. " АТЕКС.ЦЕНТР " - RSBP spol. s r.o жарылысқа қарсы жабдықтың жетекші еуропалық дилерінің ресми дистрибьюторы. Біздің мамандар мезгіл-мезгіл оның білімін тексеру комиссиясында өз біліктілігін растайды. Сондай-ақ, егер сізде түпнұсқа компоненттерге тапсырыс беру мүмкіндігі болмаса, біз Rembe, Fike, VST, IEP Technologies (Brilex), VIGILEX өндірушілерінің ұқсас жабдықтарын: жарылыс босататын мембраналар, жалын сөндіргіштер, кері клапандары, HRD жүйелері, ысырмалар, жарылыс босататын есіктердітаңдаймыз және ауыстырамыз.
Жобалаудан сервистік қызмет көрсетуге дейін
Жобалаудан сервистік қызмет көрсетуге дейін "толық құралған" жарылыстан қорғау жобаларды іске асырамыз. Тапсырыс беруші кез-келген кезеңде - техникалық шешімдерді таңдаудан бастап, жұмыс кезінде мәселелерді шешуге дейін сараптамалық қолдау ала алады.
Біздің клиенттер жұмыс істейтін жерде өкілдіктерімізді ашамыз. Тапсырыс беруші қызмет көрсету уақытын үнемдейді.
Біздің клиенттер жұмыс істейтін жерде өкілдіктерімізді ашамыз. Тапсырыс беруші қызмет көрсету уақытын үнемдейді.
Біз ATEX саласындағы еуропалық сарапшылармен ынтымақтасамыз. Тапсырыс беруші жарылыстан қорғауда кәсіби тәжірибе алады.
Біз ATEX саласындағы еуропалық сарапшылармен ынтымақтасамыз. Тапсырыс беруші жарылыстан қорғауда кәсіби тәжірибе алады.
Кеңес беруі

Өндірісті шаңның жарылуынан қорғағыңыз келе ме?

Сіз сарапшыларымыздың кеңес беруіне жазылып, біз сізге не көмектесе алатынымыз туралы барлық қажетті ақпаратты береміз

немесе телефон арқылы: